БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Миссиясы: пациенттерге қолайлы жағдайларда қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмекті жақсартуға бағытталған қызметкерлердің кәсібилігі мен зияткерлік әлеуетін инновациялық технологиялармен ұштастыруға негізделген денсаулық сақтау саласындағы қызмет.
Мақсаты:
сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Құндылықтар:
1. Пациенттерге жоғары кәсіби және адамгершілік көзқарас;
2. Медицина саласындағы ғылыми дәлелдерге негізделген диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу;
3. Аурухананың тұрақты дамуын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін көшбасшылық пен тәлімгерлікті қолдау;
4. Ұлт денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін әрбір қызметкердің кәсіби және жеке өсуі;
5. Қызметкерлердің шығармашылық өзін-өзі дамытуын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін корпоративтік мәдениет пен этика негізінде ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал;
6. Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша серіктестермен сенімгерлік және алқалық ынтымақтастық;
7. Біздің емхана базасында заманауи технологиялар мен медициналық жабдықтарды енгізуді ынталандыра отырып, инновацияларға ұмтылу.
Біздің міндетіміз-пациенттерге әртүрлі органдар мен жүйелердің патологиясымен кешенді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек , консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету.